Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды •

    «Екі жақтың келісімімен жасалған»: Ақтөбеде 7-сынып оқушысы зорланып, жүкті болғаны туралы ақпарат тарады

    «Екі жақтың келісімімен жасалған»: Ақтөбеде 7-сынып оқушысы зорланып, жүкті болғаны туралы ақпарат тарады

    Ақтөбеде 7-сынып оқушысын зорлау туралы фактіні полиция растамай отыр. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі Aktobe Times порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Фото: mirtesen.ru

    Қала жұрты Ақтөбе мектептерінің бірінде 7-сынып оқушысының зорланғаны туралы ақпарат тарата бастады. Полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың жүкті болғанын ғана растады.

    Бұл ретте полицейлер қыздың зорланбағанын, барлығы екі жақтың келісімімен болғанын алға тартады. Баспасөз қызметі 7-сынып оқушысының жігітінің жасын айтпай отыр.

    «Зорлау фактісі расталған жоқ. Барлығы екі жақтың келісімімен болды. Қыз жүкті болып қалды. Қалай болғанда да қылмыстық іс қозғадық. Қалғанын әзірге қоса алмаймын», – деді полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

    Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысы Шарбақты ауданында 19 шілдеде ауыл мектебінде оқитын 12 жастағы қыз босанғанын жаздық. Өңірдің білім беру басқармасы жағдайды растады. Мектеп оқушысын жақын туысы зорлаған. Жасөспірімнің кесар тілігі арқылы босанғаны белгілі болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →