Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 4 тамыз 2026 $ 473,7 546,1 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Kaspi ең табысты депозит бойынша мөлшерлемені төмендетеді: қазақстандықтар енді қанша алады Атырау облысында 37 жастағы ер адам әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды Астана арқылы транзиттік ірі жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынады Қасым-Жомарт Тоқаев ІІІ Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының ашылуында сөз сөйледі Айгүл Иманбаева сіңлісі Райханның ұзату тойын жариялады Астанадағы Нұрлы жол вокзалында кондиционерлер істемей жатыр Kaspi ең табысты депозит бойынша мөлшерлемені төмендетеді: қазақстандықтар енді қанша алады Атырау облысында 37 жастағы ер адам әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды Астана арқылы транзиттік ірі жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынады Қасым-Жомарт Тоқаев ІІІ Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының ашылуында сөз сөйледі Айгүл Иманбаева сіңлісі Райханның ұзату тойын жариялады Астанадағы Нұрлы жол вокзалында кондиционерлер істемей жатыр

    Түркістан облысындағы балабақша тәрбиешілері аштық жарияламақ

    Түркістан облысындағы балабақша тәрбиешілері аштық жарияламақ

    Түркістан облысындағы балабақша тәрбиешілері тағы да аштық жарияламақ. Өйткені жергілікті билік мұндағы қызметкерлерді жұмыстан негізсіз қысқартып жатқан көрінеді, — деп хабарлайды Qazaq.today тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

    Ашуға булыққан жұрт — Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы Қарааспан ауылының тәрбиешілері мен ата-аналары. Олар қызметкерлердің ескертусіз жұмыстан қысқартылып, мектепалды дайындық тобының қуылып жатқанына наразы. Тәрбиешілердің айтуынша, бұл – мемлекеттік балабақшаның көзін құртып, жекеменшік мекеменің қатарын көбейтудің амалы.

    «Баламның жасы беске толды. Әлсіз, мектепке жібере алмаймын», – деді ата-ана Жазира Исмад.

    Ескерер бір жайт бар. Қарааспандағы жалғыз мемлекеттік балабақшаның өзіне тиесілі ғимараты жоқ. Бұған дейін бұрынғы емхана қабырғасында тәрбиеленген балалар маусымнан бастап мектептің бір бөлігін мекен еткен. Оның өзін сол кезде аштық жариялап жүріп сұрап алған.

    «Балабақшаның қызметкерлері шырылдап жүр. Түркістан облысының білім бөлімінде бір күн аштық жарияладық. Балабақшаны ашты, бірақ бір аптадан кейін барып қарасақ, базада жоқ. Еңбек ақымыз төленбеген», — деді тәрбиеші Айгүл Бакирова.

    Наразы топтың сөзін тыңдауға жергілікті билік өкілдері де келді. Жауаптылар тәрбиешілердің жұмыссыз қалмайтынын айтып жұбатқан.

    «Білім бөлімі тарапынан қысқарған қызметкердің барлығына тиісті мамандығына сәйкес, ауылдағы және көрші елді мекендердегі мектептерге жұмысқа орналастыру жағын қарастырып жатырмыз», — деді Ордабасы аудандық білім бөлімінің әдіскері Мұхитбек Сәрсенбеков.

    Алайда қысқартуға ұшыраған 11 маман балабақшадан кетсе, далада қалатынына сенімді. Өйткені мектепке екі сағатқа баласын жіберейін деп отырған ешкім жоқ. Ал бұған дейін білім ордасының ғимаратына бөбекжайды өз еркімен көшірген ақ жағалылар енді оның санитарлық талапқа сай келмейтінін алға тартты. Сондықтан олар 4 топты ғана қалдырып, қалғанын мектеп пен жекеменшік мекемеге жібермек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →