Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 3 қыркүйек 2026 $ 458,5 530,8 5,28
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Өзбекстандағы мектепке қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың есімі берілді Фариза Төреәлі анасын туған күнімен құттықтады Түркістанда 12 жастағы қызбен хат алмасқан ер адамның әрекеті әшкереленді Қазақстанда құны 124 млрд доллардан асатын 13 мегажоба жарияланды Алыш күресінен Нұрсұлтан Қожагелдіұлы қола медаль жеңіп алды Көкек ана: Қордайда жаңа туған шақалақты қоқыс жәшігіне лақтырған қыз ұсталды Өзбекстандағы мектепке қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың есімі берілді Фариза Төреәлі анасын туған күнімен құттықтады Түркістанда 12 жастағы қызбен хат алмасқан ер адамның әрекеті әшкереленді Қазақстанда құны 124 млрд доллардан асатын 13 мегажоба жарияланды Алыш күресінен Нұрсұлтан Қожагелдіұлы қола медаль жеңіп алды Көкек ана: Қордайда жаңа туған шақалақты қоқыс жәшігіне лақтырған қыз ұсталды

    Қызылордада әйелін мүгедек қылған полиция майоры бір жарым жылға сотталды

    Қызылордада әйелін мүгедек қылған полиция майоры бір жарым жылға сотталды

    Қызылорда соты осыдан үш жыл бұрынғы зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Полиция майоры әйелін өлімші етіп сабап, басынан бөтелкемен ұрып, еденге сұлатып тастаған. Өміріне қауіп төнгенін сезген әйел қорыққаннан балконнан секіріп кеткен. Салдарынан бірінші топтағы мүгедекке айналған.

    «2022 жылғы сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес жәбірленушінің денсаулығына «ауыр» дәрежедегі зиян, ал 2024 жылғы қосымша сараптама қорытындысына сәйкес, жеңіл дәрежедегі зиян келгені бекітілген. Жәбірленуші А. материалдық шығын және моральдық зиян өндіруді сұрады», — делінген сот хабарламасында.

    Сот полиция майорын кінәлі деп танып, 1 жыл 6 айға соттады. Сонымен бірге ол майор шенінен айырылды. Қаскөй азаматтық талап бойынша 4 054 181 теңге материалдық шығын және 5 000 000 теңге моральдық шығын өндіріп береді.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Фото: Istockphoto

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →