Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесіп, көңіл айтты Дани Ольмодан Мбаппеге дейін: ӘЧ-2026 жартылай финалистерінің Қазақстанда ойнағандары кімдер? Ильхам Әлиев Президент Тоқаевқа Қарабақты қалпына келтіруге көмектескені үшін алғыс білдірді Қытай соттары ойын аккаунттарын мұраға қалдыруға рұқсат берді 14 шілдедегі ауа райы болжамы: солтүстікте дауыл мен найзағай, оңтүстікте күшті ыстық Шымкенттегі Нұрай Серікбай ісі: адвокат сот отырысын тікелей эфирде көрсетуді талап етті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесіп, көңіл айтты Дани Ольмодан Мбаппеге дейін: ӘЧ-2026 жартылай финалистерінің Қазақстанда ойнағандары кімдер? Ильхам Әлиев Президент Тоқаевқа Қарабақты қалпына келтіруге көмектескені үшін алғыс білдірді Қытай соттары ойын аккаунттарын мұраға қалдыруға рұқсат берді 14 шілдедегі ауа райы болжамы: солтүстікте дауыл мен найзағай, оңтүстікте күшті ыстық Шымкенттегі Нұрай Серікбай ісі: адвокат сот отырысын тікелей эфирде көрсетуді талап етті

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды, деп хабарлайды Qazaq.today. 

Мемлекет басшысының жұмыс сапары «KamLitKZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шойын құю зауытымен танысудан басталды. Аталған кәсіпорын өңірдің индустриялық аймағында орналасқан.

Президент жүк көліктеріне арналған қосалқы бөлшектер шығаратын өндіріс орнын аралап көрді. Серіктестіктің бас директоры Дмитрий Гуртовой зауытта жылына 45 мың тонна шойын құймасы өндірілетінін айтты. Құны 78,2 миллиард теңге болатын жобаны іске асыру нәтижесінде 500 жұмыс орны ашылды.

Мемлекет басшысына жобаға Қазақстанның инженерлері мен технологтары атсалысып жатқаны баяндалды. Сонымен қатар әлемдік деңгейдегі тәжірибелі инжиниринг компанияларының сарапшылары мен еуропалық машина жасаушылар тартылған.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа шойын қорыту және қалыпқа құю, сондай-ақ бұйымды өңдеу секілді жұмыстардың толық процесі көрсетілді.

Зауыт барлық заманауи талапқа сай келеді. Автоматтандыру және энергиялық тиімділік деңгейі жоғары болғандықтан, қоршаған ортаға әсері аз. Қазір мұнда 30 робот бар. Олар анағұрлым күрделі әрі ауыр технологиялық операцияларды орындайды.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →