Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қыз зорлау дерегі»: Қайрат Нұртасқа қатысты дауға полиция мәлімдеме жасады Жамбыл облысында фосфор зауытындағы жарылыстан 26 жасар жұмысшы мүгедек болды «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қыз зорлау дерегі»: Қайрат Нұртасқа қатысты дауға полиция мәлімдеме жасады Жамбыл облысында фосфор зауытындағы жарылыстан 26 жасар жұмысшы мүгедек болды

Қаңтар оқиғасында жоғалған қару-жарақ Астана мен Щучьеден табылды

Қаңтар оқиғасында жоғалған қару-жарақ Астана мен Щучьеден табылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қару-жарақ пен оқ-дәрінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл нәтижесін бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Биылғы шілде-тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Астана және Щучье қалаларында атыс қаруы мен оқ-дәрінің заңсыз айналымына қатысы бар бір топ адамның заңға қайшы әрекетінің жолын кесті.

Астанада жүргізілген тінту барысында қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ұрланған 2 «Калашников» автоматы мен 43 оқ-дәрі, Щучинскіде — 7 атыс қаруы, 4 тапанша және 1500-ден астам түрлі калибрлі оқ-дәрі алынды.

Сот-баллистикалық сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Жалпы жылдың басынан ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп қарудың заңсыз айналымының 13 арнасын, сондай-ақ оны жасырын жасайтын 2 цехты жойды.

41 автомат, 203 мылтық, 121 тапанша, 57 қол гранатасы, 1 гранататқыш, 44 жарылғыш құрылғы және әртүрлі калибрдегі 11 138 патрон тәркіленді.

Қарудың заңсыз айналымымен күрес шаралары жалғасуда.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →