Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ешкімге ештеңе дәлелдемеймін»: Балжан Бидаш экс-күйеуіне жауап берді (ФОТО) • Ақтөбеде перзентханаға бара жатқан жүкті келіншек таксиде босанып қалды • «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті • «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты • «Ешкімге ештеңе дәлелдемеймін»: Балжан Бидаш экс-күйеуіне жауап берді (ФОТО) • Ақтөбеде перзентханаға бара жатқан жүкті келіншек таксиде босанып қалды • «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті • «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты •

    Сахнаға самокатпен шығып, мемлекеттік туды бей берекет сілкіген америкалық әнші сынның астында қалды (видео)

    Сахнаға самокатпен шығып, мемлекеттік туды бей берекет сілкіген америкалық әнші сынның астында қалды (видео)

    Алматыда концерті өткен америкалық әнші Оливер Три әнұранмен сахнаға самокат мініп шығып, мемлекеттік туды жамылды. Әртістің рәміздерді қолдана отырып істеген ерсі әрекеті көпшіліктің наразылығын тудырды. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Фото: Видеодан скрин

    Желі қолданушылары шетелдік музыканттың сахнадағы әрекетін сынап тастады.

    “Әнұранның әнін өзгерту сотталатын жағдай”, “Жиналғандар әнұран айтылып жатқанын, ананың оны қорлап жатқанын білмей ме?”, “Туды мазақ етіп мықты боп көрінгісі келіп тұр ма?”, “Жауапқа тартсын”, ”Мынау таза мазақ қой”, “Әнұран мен туға тимеңдерші”, – деп жазды желі қолданушылары.

    Болған жағадйға қатысты мәжіліс депутаты Абзал Құспан пікір білдірді. Оның айтуынша, шетелдік әртістің іс-әрекеті жан-жақты тексеріледі.

    “Өйткені біздің мемлекетте рәміздерге қатысты тиісті заң бар және оны сақтамағандарға жауапкершілік көзделген. Сондықтан болған жайтты құзырлы органдар назарға алу қажет. Әуелі музыканттың мемлекеттік ту мен әнұранды қолдану кезінде қорлау белгісінің бар-жоғын анықтап алған жөн. Жалпы осы мемлекеттік рәміздерді қолдану барысын реттейтін өз алдына бөлек материалдық заң негізі жоқ. Бұл депутаттарға қойылатын талап деп ойлаймын, бірінші кезекте. Енді Үкімет бізге ондай заң жобасын ұсынған жоқ. Тиісінше бұл мәселе қазір мәжіліс қабырғасында қаралып жатыр”, – деді Абзал Құспан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →