Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 4 тамыз 2026 $ 473,7 546,1 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Kaspi ең табысты депозит бойынша мөлшерлемені төмендетеді: қазақстандықтар енді қанша алады Атырау облысында 37 жастағы ер адам әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды Астана арқылы транзиттік ірі жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынады Қасым-Жомарт Тоқаев ІІІ Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының ашылуында сөз сөйледі Айгүл Иманбаева сіңлісі Райханның ұзату тойын жариялады Астанадағы Нұрлы жол вокзалында кондиционерлер істемей жатыр Kaspi ең табысты депозит бойынша мөлшерлемені төмендетеді: қазақстандықтар енді қанша алады Атырау облысында 37 жастағы ер адам әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды Астана арқылы транзиттік ірі жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынады Қасым-Жомарт Тоқаев ІІІ Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының ашылуында сөз сөйледі Айгүл Иманбаева сіңлісі Райханның ұзату тойын жариялады Астанадағы Нұрлы жол вокзалында кондиционерлер істемей жатыр

    Ұлттық музейде Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылады

    Ұлттық музейде Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылады

    Фото: Weibo

    12 қыркүйек күні сағат 15:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейінде Қазақстанның халық әртісі, композитор және мультиаспапшы Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған «Дүние дидарындағы Димаш» атты көрменің ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Көрме халықтың сүйіктісі Димаш Құдайбергеннің Астанадағы концерті аясында әртістің шығармашылық жолы мен жетістіктерін көрсететін бірегей мәдени кеңістік құруға бағытталған.

    Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, «Дүние дидарындағы Димаш» көрмесіне қазақ жанының болмысын бейнелейтін, оның қайталанбас үнін қалыптастырған, өміріндегі елеулі оқиғалар туралы хабар беретін құндылықтар, танымал тұлғалар мен көптеген жанкүйерлердің сыйлығы ұсынылады.

    Димаш
    Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Көрме мазмұны жағынан бір-бірімен байланысты келесі бөлімдерден құралған:

    «Шабыт көздері» – әртістің өмірбаяны, өскен ортасы, балалық шағы мен шығармашылық жолын көрсететін заттар (фотосуреттер, жекелеген заттар);

    «Даңққа апарар жол» – кәсіби білім жолында алған дипломдары, республикалық, халықаралық байқауларда иеленген марапаттары және т.б.;

    «Жанкүйерлер махаббаты» – әртістің жанкүйерлері тарту еткен сыйлықтар;

    «Ұлт мәдениетінің жаршысы» – әлемдік аренада ұлттық мәдениет пен брендтің танылуына ықпал ететін Димаштың заттары (ұлттық музыкалық аспаптар, ұлттық костюмдері, баспа материалдары және т.б.).

    Көрме 6 қазанға дейін жалғасады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →