Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 19 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бірнеше күнге ғана жеткен жөндеу: Өскеменде жамалған жол қайта ойылды Қасым-Жомарт Тоқаев тоғыз елдің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады Әнші Шакира Колумбияда қирап қалған мектептерді қайта қалпына келтірмек «Күйеуі ұрып, қолын сындырған»: Алматы облысында тағы бір келіншек өзіне қол салды «Келіндеріме ұнамауы мүмкін»: Қарақат Әбілдинаның әпкесі күтпеген жазба жариялады Ертісте 4 күн іздестірілген ер адамның денесі табылды Бірнеше күнге ғана жеткен жөндеу: Өскеменде жамалған жол қайта ойылды Қасым-Жомарт Тоқаев тоғыз елдің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады Әнші Шакира Колумбияда қирап қалған мектептерді қайта қалпына келтірмек «Күйеуі ұрып, қолын сындырған»: Алматы облысында тағы бір келіншек өзіне қол салды «Келіндеріме ұнамауы мүмкін»: Қарақат Әбілдинаның әпкесі күтпеген жазба жариялады Ертісте 4 күн іздестірілген ер адамның денесі табылды

    Шиеленіс күшейді: Қазақстан өз азаматтарын Украинадан кетуге шақырды

    Шиеленіс күшейді: Қазақстан өз азаматтарын Украинадан кетуге шақырды

    Қазақстан билігі Украинада жүрген ел азаматтарын кетуге шақырды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Украинадағы Қазақстан азаматтарының назарына!

    Шиеленістің күшеюіне байланысты еліміздің Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына Украина аумағынан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.

    Украинадан Қазақстанға жету үшін ел азаматтары жерүсті бағыттарын пайдалана алады: Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі – коммерциялық әуе қатынасы арқылы.

    Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы қажет. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі.

    Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары: +38 (044) 4831596, +38(044) 4891031.

    Қазақстан азаматтарына арналған жедел желі (төтенше жағдайда): +380673470408.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →