Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 3 тамыз 2026 $ 473,7 546,1 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Косметика қолданған: Талдықорғанда оқушыға ескерту жасаған директодың видеосы тарады

    Косметика қолданған: Талдықорғанда оқушыға ескерту жасаған директодың видеосы тарады

    Желіде Талдықорған қаласындағы №6 Макаренко атындағы орта мектептің директоры Рита Саидгариеваның әр оқушыдан мін іздеп, жөнсіз тиісе беретіні туралы видео тарады. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    @egovpress басылымына оқырмандардың бірі оқушы қызға мектеп директорының қол жүгіртіп, ұрысқаны жайлы видео жіберген. Видео авторы №6 Макаренко атындағы орта мектептің директоры Рита Саидгариева әр болмашы нәрсеге қадалып, балалардан мін іздейтінін айтқан.

    Бұған қатысты Талдықорған қаласының білім бөлімі бірден жауап берді.

    «2024 жылғы 3 қыркүйек күні сағат 8:10 шамасында мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сабаққа балалардың қатысуы, себепсіз келмеген балаларды анықтау, мектеп формасына қойылған талаптарды реттеу мақсатында сыныптарды аралаған. Аралау барысында  9-сынып оқушысы Гүлнұр Абылайға, басқа оқушы, мұғалімдер естімеген, жеке дәлізде (09.05.2010 ж.т) косметиканы асыра қолданғаны туралы ескерту жасалып, сүртіп алу ұсынылды», – делінген білім бөлімінің хабарламасында.

    Білім бөлімінің сөзінше, оқушы 1-қабаттағы қол жуғышқа (раковина) бетін жуып тұрған. Мектеп директоры бетінің су-су болғанын көріп, оқушыға жақындаған. Осылайша оқушы директордың бет сүртетін сүлгі (салфетка) ұсынып жатқан жерін өзінің TikTok-тағы парақшасына жариялап жіберген.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →