Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Спортшыларға ақша аямайды, білімді балаға дым жоқ — Асқар Жұмаділдаев

    Спортшыларға ақша аямайды, білімді балаға дым жоқ — Асқар Жұмаділдаев

    Академик, физика-математика ғылымдарының докторы Асқар Жұмаділдаев «Ой-лайық» подкасында спортшыларға жасалатын жағдай білімді балаларға жасалмайтынына қынжылатынын білдірді, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Ғалым бұрынғы Олимпиадалардан мысал келтірді. Оның сөзінше, спортшылар арасында чемпион шықса, бәрі үйіп-төгіп сыйлық беруге құмар.

    «Кеше де чемпион шықты. Біреудің мұрнын бұзып еді, оған машина да берді, жүз жылқыны да берді, түйені де берді — бәрін де береді. Ойлап қарасаңыз, осындай жетістіктерге балаларымыз да жетіп жатыр ғой. Математикадан жыл сайын ұтып жатыр. Неге соларға ең болмағанда біреуі бір велосипед бермейді?! Бір спортшы шықса, оған үйіп-төгіп Үкімет те береді, кейін допинг болып шыға келеді. Кезінде бүкіл зілтемірші допингпен шығып, бірақ ешқайсы сыйлығын қайтарған жоқ», — деді ғалым.

    Еске салайық, бұған дейін Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанғаны хабарланды. Отандасымыз финалда француз дзюдошысы Лука Мхеидзеден айласын асырды.

    Фото: ult.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →