Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Кәсіпқой бокс: Садриддин Ахмедов екі жыл үзілістен кейін рингке оралады

    Кәсіпқой бокс: Садриддин Ахмедов екі жыл үзілістен кейін рингке оралады

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (13-0,11КО) екі жылға созылған үзілістен кейін рингке оралады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

    BoxRec порталындағы ақпаратқа сәйкес, Ахмедов 31 тамыз күні Американың Санта Инес қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға оралып, жергілікті боксшы Антонио Тоддпен (17-10,9КО) қолғап түйістіреді.

    Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған.

    Айта кетерлігі, Садриддин Ахмедов соңғы айқасын екі жыл бұрын Алматы қаласында өткізіп, Оңтүстік Африкалық боксшы Нкулулеко Мхлонгоны алғашқы раундта жеңген.

    Садриддин Ахмедов — 2016 жылғы жастар арасында бокстан әлем чемпионы. Ол 2018 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, Канадада алғашқы жекпе-жегін өткізді. 13 айқасында, қазақстандық боксшы супер жартылай орта салмақта WBC Youth World, WBC Asian, NABF және WBC Francophone чемпиондық титулдарын иеленді.

    Фото: Sports.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →