Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Кек қайтару: Бельгия футболшылары АҚШ командасын жеңіп, алаңда «Трамптың биін» билеген (ВИДЕО) Қаптың ішіне төгілген қан: 12 жастағы қызды зорлап өлтірген жігітті халық ұрып өлтірді Елімізге шетелден алма әкелуге алты айға тоқтау салынбақ Жеке үйге ілуге рұқсат: Қазақстанда Мемлекеттік туды пайдаланудың жаңа тәртібі Қарақия әкімі алты балалы әйелге «Күміс алқа» бермей қойған Павлодарды уысында ұстаған: бандылар студенттер мен жұмысшыларды тонап келген Кек қайтару: Бельгия футболшылары АҚШ командасын жеңіп, алаңда «Трамптың биін» билеген (ВИДЕО) Қаптың ішіне төгілген қан: 12 жастағы қызды зорлап өлтірген жігітті халық ұрып өлтірді Елімізге шетелден алма әкелуге алты айға тоқтау салынбақ Жеке үйге ілуге рұқсат: Қазақстанда Мемлекеттік туды пайдаланудың жаңа тәртібі Қарақия әкімі алты балалы әйелге «Күміс алқа» бермей қойған Павлодарды уысында ұстаған: бандылар студенттер мен жұмысшыларды тонап келген

Қазақстанның алтын қоры өсті

Қазақстанның алтын қоры 355 тоннадан асты, деп хабарлайды LS басылымына сілтеме жасаған qazaq.today ақпараттық агенттігі. Дүниежүзілік Алтын кеңесінің мәліметі бойынша, наурыз айында елдің қымбат металл қоры 3,9 тоннаға толды. Ал бір ай бұрын оның көлемі 351,7 тонна болатын.

Қазақстан елдер бөлінісінде 15-орында (Халықаралық валюта қоры мен Еуропалық орталық банкті есепке алмағанда) тұр. Дәл осы көрсеткіш бойынша Португалия (382,6 тонна) мен Сауд Арабиясы (323,1 тонна) елдерінің арасында орналасқан.

Дәстүрлі түрде АҚШ (8,1 мың тонна), Германия (3,3 мың тонна), Италия (2,45 мың тонна), Франция (2,43 мың тонна) және Ресей (2,2 мың тонна) көшбасшы болып саналады.

Ұлттық банктің сайтында бір грамм алтынның құны 25 мың теңгеден асады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика