Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті •

    Балқаштағы демалыс орындарының бірінде демалушылар жаппай уланып қалды

    Балқаштағы демалыс орындарының бірінде демалушылар жаппай уланып қалды

    Фото: Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Балқаш көлінің жағасындағы демалыс орындарының бірінде демалушылар жаппай уланып қалды. Салдарынан 29 адам медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласқанымызда сол өңірдің жауапты мамандарымен байланысқа шығуды өтінді.

    Қарағанды облысының санэпидбақылау департаментінің бас маманы Айгүл Шатекованың мәліметінше, бүгін Балқаш қаласындағы «Досжан» отбасылық интернат үйінің демалушылары жедел ішек инфекциясына шалдығуы мүмкін деген күдікпен медициналық көмекке жүгінген. Дәл қазір шипа іздеген 29 адамның 18-і стационарда емделіп жатыр.

    «Балқаш қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің мамандары эпидемияға қарсы шараларды бастап, індет ошағына анықтауға кірісті. Науқастар арасында сауалнама жүргізді. Зертханалық зерттеулермен қатар тергеу басталды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Балқаш қалалық полиция бөліміне берілді», — деді Айгүл Шатекова.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →