Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті •

    Әкімдіктер инфрақұралымдық нысандарды салу кезінде 65 млрд теңге артық жұмсамақ болған

    Әкімдіктер инфрақұралымдық нысандарды салу кезінде 65 млрд теңге артық жұмсамақ болған

    Фото: canva

    Қаржылық мониторинг агенттігі заманауи талдамалық құралдарды пайдалана отырып, 61 ірі инфрақұрылымдық нысанды жоспарлау кезеңінде олардың құнын төмендету үшін резервтерді анықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Нәтижесінде облыс әкімдіктерімен бірлескен жұмыс ЖСҚ түзетіліп, 65 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді.

    Қазіргі уақытта 11 млрд теңгеге қымбаттату тәуекелі бар тағы 12 нысанның құжаттары тексерілуде.

    Мәселен, елордада әкімдікпен бірлескен жұмыстың нәтижесінде магистральдық кәріз коллекторын салу бойынша инфрақұрылымдық объектіні жобалау кезінде мемлекеттің 5,3 млрд теңгеге артық шығыстарының алдын алынды (нәтижесінде жобалау сатысында құрылыс құны 26,4 млрд теңгеден 21 млрд теңгеге дейін төмендетілді).

    ҚМА талдау нәтижелері бойынша Ақтөбе қаласының «Парасат» тұрғын алабында электрмен жабдықтау желілерін салу» объектісін жобалау сатысында 3 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді.

    ҚМА бұл бағыттағы жұмысты еліміздің барлық өңірлерінде жүргізеді.

    Айта кетейік, Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі бюджет қаражатын ұтымды пайдалану және қылмыстық іске жеткізбей, ерте сатыда ұрлық тәуекелдерін болдырмау арқылы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл призмасы арқылы мемлекет пен адал бизнестің мүдделерін қорғауға бағытталған.

    Бұл бағыт Агенттік жұмысындағы басым бағыттарының бірі болып табылады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →