Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 18 тамыз 2026 $ 463,3 536,5 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлттық банк жаңа Конституцияға арналған коллекциялық монетаны айналымға шығарады Қазақстанда 2026-2027 оқу жылынан бастауыш сыныптарда бағалау жүйесі өзгереді Махаббат тілі: жұлдыз белгілеріне қарай серіктесіңізді қалай түсінуге болады Сеутаға мигранттар ағыны қаупі: Испания шекарада әскери күштерін күшейтті Қарағандыда Mercedes теміржол өткелінде тоқтап, көмекпен шығарылды Жапонияда аниме тауарларына 4,3 млрд иендік тапсырыс беріп, алмаған әйел қамауға алынды Ұлттық банк жаңа Конституцияға арналған коллекциялық монетаны айналымға шығарады Қазақстанда 2026-2027 оқу жылынан бастауыш сыныптарда бағалау жүйесі өзгереді Махаббат тілі: жұлдыз белгілеріне қарай серіктесіңізді қалай түсінуге болады Сеутаға мигранттар ағыны қаупі: Испания шекарада әскери күштерін күшейтті Қарағандыда Mercedes теміржол өткелінде тоқтап, көмекпен шығарылды Жапонияда аниме тауарларына 4,3 млрд иендік тапсырыс беріп, алмаған әйел қамауға алынды

    «Қойныңдағы қатының да сатып кетеді»: Қайрат Әділгерей адамға ең жақыны анасы екенін айтты

    «Қойныңдағы қатының да сатып кетеді»: Қайрат Әділгерей адамға ең жақыны анасы екенін айтты

    Отандық танымал әзілкеш әрі актер Қайрат Әділгерей ел алында анасымен қол ұстасып шыққан Елдос Сметовке қолдау білдірді. Ол Париж Олимпиадасының чемпионын сынау өте орынсыз екенін жеткізді.

    Қайрат Әділгерей Елдос Сметовты қолдай отырып, 24 жылға бас бостандығынан айырылған Қуандық Бишімбаевты мысалға келтірді. Актер қиын жағдайда адамды тек анасы ғана қызғыштай қорғайтынын жеткізді.

    «Бүкіл Қазақстан Бишімбаевты жерден алып, жерге салып жатқанда жалғыз анасы ғана қорғады. «Ол – менің балам. Қорғануға толық құқығы бар» деді. Тек қана Бишімбаевтың жағында анасы ғана қалды. Осыдан-ақ білуге болады. Алладан кейінгі ең мейірімі шексіз адам, ол – ана. Бітті. Ол талқыланбауы керек. Сенің 30-40 жылдан бергі қойныңдағы қатының бір күнде сатып жібереді. Жақсы көрмей қалуы мүмкін, сенен кетіп қалуы мүмкін, тіпті соттасуы да мүмкін. Балаларын алып кетіп, көрсеткізбей де қояды. Міне, ана қандай жағдай болса да, баласын қорғайды. Анадан ондай жамандық күтпейсің. Өйткені, ол — ана», — деді Қайрат Әділгерей әлеуметтік желідегі тікелей эфирінде.

    Естеріңізге сала кетейік, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің әрекетін белгілі коуч сынаған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →