Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Маңғыстауда қаңғыбас иттер бір отар ешкіні қырып кеткен

    Маңғыстауда қаңғыбас иттер бір отар ешкіні қырып кеткен
    Фото: Lada.kz

    Маңғыстауда қаңғыбас иттер бір отар ешкіні қырып кеткен. Оқыс оқиға Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылында болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі lada.kz басылымына сілтеме жасап.

    Басылым мәліметінше, 29 шілде күні таңда ешкі тұрған қораға бес қаңғыбас ит кіріп кетіп, 40 бас ешкіні талап кеткен.

    Ешкілердің иесі, кәсіпкер Құмар Нүрпейісова шағымын айтты.

    «Мен кәсіпкерлер палатасына, облыстық кәсіпкерлік бөлімінің басшысына бардым. Ешкім көмек бермеді. Облыс әкімінің қабылдауына жазылдым. Бірақ ешкім менің жанайқайымды елемеді», — деді ол.

    Әйелдің сөзінше, ол ешкі өсіру үшін «Нұр-Капитал» бағдарламасы бойынша несие алған.

    «Менің өнімім Мұнайлы ауданы тұрғындарын сүт, ірімшік, құрт, кілегей және ешкі сүтімен қамтамасыз етіп келді. Бұл менің жалғыз табыс көзім еді. Қаңғыбас иттер екі сағатта барлығын қырып кеткен», — деді Нүрпейісова.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →