Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақ әдебиеті Гуанчжоу кітап көрмесінде таныстырылды Президент ШЫҰ жиындарына қатысу үшін Бішкекке барды Астанада тағы да кран құлап, бір адам ажал құшты «Қаншама ауру таптым»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі актерді кешірмейтінін айтты Сәтбаевта 25 мың адам Кеншілер мен байытушылар күнін дүркіретіп атап өтті Бір ай бұрын қазып тастаған: Қарағандыдағы Ерубаев көшесінің жөндеуі неге тоқтап қалды? Қазақ әдебиеті Гуанчжоу кітап көрмесінде таныстырылды Президент ШЫҰ жиындарына қатысу үшін Бішкекке барды Астанада тағы да кран құлап, бір адам ажал құшты «Қаншама ауру таптым»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі актерді кешірмейтінін айтты Сәтбаевта 25 мың адам Кеншілер мен байытушылар күнін дүркіретіп атап өтті Бір ай бұрын қазып тастаған: Қарағандыдағы Ерубаев көшесінің жөндеуі неге тоқтап қалды?

    Ақтөбеде тағы жол апаты: екі адам көз жұмды

    Ақтөбеде тағы жол апаты: екі адам көз жұмды

    Фото: pexels.com

    Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы аумағында жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты. Бір адам санавиация тікұшағымен облыс орталығына жеткізілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы жол апаты кезінде дәрігерлер барлығы 6 адамды қарап шықты. Жеңіл көлік ішінде болған 67 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды.

    5 адам Ембі аудандық ауруханасына жеткізілді. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеңіл көліктің 32 жастағы жүргізушісінің басы жарылып, ішкі ағзаларына зақым келген. Бүгін сағат 14:00 шамасында жүрегі тоқтап қалды.

    – Көлік ішінде болған 55 жастағы әйел де бас-ми жарақатын алды. Қазіргі кезде жағдайы тұрақты ауыр. Ал, 60 жастағы әйелдің іш құрылысы зақымданған. Ембі қаласына санавиация жіберіліп, науқас облыс орталығына жеткізілді. Сонымен бірге 25 жастағы жігіттің миы шайқалып, хирургия бөліміне жатқызылды. Жүк көлігі жүргізушісінің жағдайы қалыпты. Ауруханадан шығаруға дайындалып жатыр, — деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.

    Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі бұл оқиға туралы қандай да бір ақпарат таратпады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →