Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 1 тамыз 2026 $ 474,2 545,8 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Индира Расылхан сихрдан зардап шегіп, «Аятул Күрсиді» 300 рет оқуды ұсынды Ауа райы 1 тамызда: оңтүстікте +44°-қа дейін, солтүстікте жаңбыр мен бұршақ 65 жастан асқан жүргізушілерге медициналық тексеру: ІІМ жаңа тәртіпті түсіндірді Қажылық 25 жыл бойы жаз мезгілінде өтпейді Гүлзира Айдарбекова марқұм фельдшердің жұбайының қайта үйленуін сынға алды Жазира Байырбекова перзентхана алдында той өткізуге қарсы Индира Расылхан сихрдан зардап шегіп, «Аятул Күрсиді» 300 рет оқуды ұсынды Ауа райы 1 тамызда: оңтүстікте +44°-қа дейін, солтүстікте жаңбыр мен бұршақ 65 жастан асқан жүргізушілерге медициналық тексеру: ІІМ жаңа тәртіпті түсіндірді Қажылық 25 жыл бойы жаз мезгілінде өтпейді Гүлзира Айдарбекова марқұм фельдшердің жұбайының қайта үйленуін сынға алды Жазира Байырбекова перзентхана алдында той өткізуге қарсы

    Президент Қорғаныс министрін қабылдады

    Президент Қорғаныс министрін қабылдады

    Фото: Ақорда 

    Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысына қорғаныс ведомствосының биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстары туралы баяндалды.

    Руслан Жақсылықов:

    халықаралық оқу-жаттығу жиындарының нәтижелері, жауынгерлік дайындыққа жаңа әдістер енгізу жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ қарулы күштердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне қатысты бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы жайында айтты. Заманауи қару-жарақпен және әскери техникалармен қамтамасыз ету, қорғаныс инфрақұрылымын дамыту, әскери-патриоттық жұмыстарды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды;
    әскери қызметшілер мен зейнеткерлерді әлеуметтік тұрғыдан қолдауды арттыру шаралары туралы айтты.

    Кездесу соңында Жоғарғы Бас қолбасшы Қорғаныс министріне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →