Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан жігіт ұсталды • Диас Қалдыбеков «Голодные игры: Рассвет Жатвы» фильміне түсті • «Ештеңе қызық емес болып қалды»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің сезімі туралы айтты • Ресейден 1003 жүк көлігін өткізуге көмектескен шенеунік 10 жылға сотталды • Каспийдегі трагедия: Тергеу амалдары аяқталуға жақын қалды • Алматыдан 11 оқушы жасанды интеллект жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу үшін Кремний алқабына аттанды • Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан жігіт ұсталды • Диас Қалдыбеков «Голодные игры: Рассвет Жатвы» фильміне түсті • «Ештеңе қызық емес болып қалды»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің сезімі туралы айтты • Ресейден 1003 жүк көлігін өткізуге көмектескен шенеунік 10 жылға сотталды • Каспийдегі трагедия: Тергеу амалдары аяқталуға жақын қалды • Алматыдан 11 оқушы жасанды интеллект жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу үшін Кремний алқабына аттанды •

    Терроризмді насихаттаған 5 адам ұсталды

    Терроризмді насихаттаған 5 адам ұсталды

    Фото: ҚР ҰҚК

    Терроризмге қарсы іс-қимыл шеңберінде осы жылдың шілде-тамыз айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарының көмегімен және прокуратураның үйлестіруімен Астана қаласында, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында бірқатар іс-шара өткізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Нәтижесінде Қазақстанның 5 азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

    ҚР ҰҚК
    Фото: ҚР ҰҚК

    Тергеу нұсқасы бойынша, олар террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында терроризмді насихаттауға, діни алауыздықты қоздыруға және адамдарды тартуға қатысқан. Тұрғылықты жерлерін тінту кезінде қару-жарақ, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

    ҚР ҰҚК
    Фото: ҚР ҰҚК

    Айта кету керек, күдіктілердің екеуі кісі өлтіру, тонау және бұзақылық үшін соттылы болған. Тағы біреуі бұрын лаңкестердің шетелдік лагерьлерінде дайындықтан өтіп, шет мемлекет аумағында қарулы қақтығыстарға қатысқан.

    ҚР ҰҚК
    Фото: ҚР ҰҚК

    Қылмыстық кодекстің 174, 256, 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

    Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →