Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 18 тамыз 2026 $ 463,3 536,5 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарағандыда Mercedes теміржол өткелінде тоқтап, көмекпен шығарылды Жапонияда аниме тауарларына 4,3 млрд иендік тапсырыс беріп, алмаған әйел қамауға алынды Нұрай Серікбай ісі: ағасы сот процесі әлі жалғасатынын айтты Француз футболшысы Яэль Трепи бассейнде батып кете жаздады Мақпал Жүнісова бауырының ұлының үйлену тойын жариялады «Кітап оқитын ұлт» марафоны жаңа кезеңге дайын: 1 млн азаматты қамтиды Қарағандыда Mercedes теміржол өткелінде тоқтап, көмекпен шығарылды Жапонияда аниме тауарларына 4,3 млрд иендік тапсырыс беріп, алмаған әйел қамауға алынды Нұрай Серікбай ісі: ағасы сот процесі әлі жалғасатынын айтты Француз футболшысы Яэль Трепи бассейнде батып кете жаздады Мақпал Жүнісова бауырының ұлының үйлену тойын жариялады «Кітап оқитын ұлт» марафоны жаңа кезеңге дайын: 1 млн азаматты қамтиды

    Жалғыз финалист: Нұрбек Оралбай бокстан Олимпиада ойындарында күміс жүлдеге ие болды

    Жалғыз финалист: Нұрбек Оралбай бокстан Олимпиада ойындарында күміс жүлдеге ие болды

    Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Нұрбек Оралбай финалда украиналық қарсыласын ұтылып, күміс медальге ие болды.

    Париж Олимпиадасында 80 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз финалда украиналық Александр Хижнякпен алтынға таласты.

    Аса тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Хижняк жеңімпаз деп танылды.

    Осылайша украиналық боксшы Париж Олимпиадасының чемпионы атанса, қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер атанды.

     

    Естеріңізге сала кетейік, Париж Олимпиадасына жеті боксшы барған болатын.

    Өкінішке қарай, оның алтауы жарысты ерте аяқтап, көрермен қатарына қосылды.

    Ал әйелдер боксынан лицензия жеңіп алған үш боксшының екеуі алғашқы жекпе-жекектерінде жарыс жолын аяқтаса, тек олардың арасынан 50 келі салмақта Назым Қызайбай ғана ел үмітін ақтады.

    Айта кетсек, Қазақстан екінші олимпиада қатарынан бокстан алтын медалсіз қалды. Еліміз Олимпиада ойындарынан 1996 жылдан бері алтын медальсіз оралмаған. 2021 жылы Токиода өткен Олимпиадада алтын алмау дәстүрі бұзылып, тек екі қола медаль ғана еншілеген едік.

    1996 жалдан бергі олимпиада чемпиондары:

    • Атланта 1996 — Василий Жиров
    • Сидней 2000 — Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ибраимов
    • Афины 2004 — Бақтияр Артаев
    • Бейжің 2008 — Бақыт Сәрсекбаев
    • Лондон 2012 — Серік Сәпиев
    • Рио 2016 — Данияр Елеусінов

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →