Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді •

    Назымның ата-анасы: Қызымыздың алғашқы Олимпиадасы

    Назымның ата-анасы: Қызымыздың алғашқы Олимпиадасы

    Фото: olympic.kz

    Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайдың ата-анасы өздерінің сезімдерімен бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы baq.kz сайтына сілтеме жасап. 

    Бұйырғаны қола болды. Қарсыласы осал болмады. Қыздардың арасында алғаш медаль алып тұрған Назым екен. Қызымыздың алғашқы олимпиадасы. Соған қарамастан елімізге тағы бір медаль алып келді. Енді қызымыз елге аман-есен оралсын дейміз, — дейді әкесі Қызайбай Абайұлы

    Ал анасы Назымның бала кезден спортқа жақын болғанын, олимпиадаға қатысуды армандағанын атап өтті.

    Назым Қытай қызынан жеңілсе де, қола жүлдеге ие болғанына қуаныштымыз. Олимпиадаға қатысу Назымның арманы еді. Қызым бала кезден боксқа жақын болды. 7-сыныптан бастап спорт мектебінде оқыды. Боксты тастамай “Мама, олимпиадаға бір барсам ғой” деп айтып жүретін. Міне, арманы орындалып, төртінші жекпе-жектен кейін қола алып отыр. Назым қолынан келгеннің бәрін жасады, — дейді анасы.

    Бокстан әйелдер арасындағы жаттықтырушы Гүлзара Азизова да өз әсерімен бөлісті.

    Қарсыластың да мықты екенін айта кеткен жөн. Назым Қазақстандағы жалғыз екі дүркін әлем чемпионы. Олимпиадаға қатысу үшін ұзақ еңбектенді. Бұл оның алғашқы Олимпиадасы және қола жақсы көрсеткіш. Бұл спортшы үшін де, жаттықтырушы үшін де үлкен еңбек, — деп бөлісті ол.

    Еске салайық, Назым Қызайбай екі дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионы. Қазақстанның қоржынында бүгінде бес медаль бар — үш қола, бір күміс және бір алтын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →