Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты •

    Күйеуі әйелін үйімен қоса өртеп жіберген отбасының 6 баласы жетім қалды

    Күйеуі әйелін үйімен қоса өртеп жіберген отбасының 6 баласы жетім қалды

    Тараз қаласында 54 жастағы ер адам әйелінің үстіне бензин құйып, үйімен қоса өртеп жіберген. Артынан өзі өлі күйінде табылды. Бұл сұмдық оқиға көпшіліктің жағасын ұстатқаны анық. Отбасының тыныс-тіршілігі қандай болғаны жайлы көршілері журналистерге айтып берді, деп хабарлайды КТК-ға сілтеме жасаған Qazaq.today. 

    Марқұм болған ерлі-зайыпты – 6 баланың ата-анасы. Отбасының тұңғышы 22, ал кішісі 3 жаста. Көршілерінің айтуынша, бұл отбасы тып-тыныш, бақытты өмір сүрген.

    «Қарапайым отбасы. Біз алғаш келгенде үйлері күркетауықтай кішкентай ғана болатын. Екеуі де еңбекқор, өз еңбектерімен осы үйді тұрғызды. Жақында ғана шатырын салған. Енді пендеміз ғой, ненің ортасына кіріп кеткенін, орталарында не болғанын естіп-білген жоқпыз. Балаларын туысқандарының үйіне түнде алып кетті», – деді көрші Ділдә Сыдыманова.

    Қайғылы оқиға болған сәтте балалардың бәрі туыстарының үйінде болған. Олардың үйі тұтас өртеніп кеткендіктен, көршілері оны қалпына келтіруге көмектесуге ниетті.

    Еске салайық, Тараз қаласында сағат 22:59-да «Шалғай Қарасу» ауданы, Наркескен көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде 100 шаршы метр алаңда өрт шыққан еді. Әйел алған күйіктерінен ауруханада қайтыс болды. Ал ер адам оқиға орнына жақын жерде өлі күйінде табылды. Түрмеден жақында шыққан күйеуі 44 жастағы әйелін өртеп өлтірген соң өзіде  суицид жасаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →