Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 15 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Чикаго» қақпашысының таяғы бортқа қысылып, «Виннипег» шайба соқты • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінің финалына шығып, 1,73 млн доллар тапты • Дариға Бадықова әжесінің жеті баламен жалғыз қалып, ешкімнен көмек сұрамағанын еске алды • Роднина Канада премьер-министрінің виза шешіміне жауап берді • Астанада дипломаттар арасындағы шахмат турнирінің жеңімпазы анықталды • Ташкентте Қазақстан киносының күндері өтті • «Чикаго» қақпашысының таяғы бортқа қысылып, «Виннипег» шайба соқты • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінің финалына шығып, 1,73 млн доллар тапты • Дариға Бадықова әжесінің жеті баламен жалғыз қалып, ешкімнен көмек сұрамағанын еске алды • Роднина Канада премьер-министрінің виза шешіміне жауап берді • Астанада дипломаттар арасындағы шахмат турнирінің жеңімпазы анықталды • Ташкентте Қазақстан киносының күндері өтті •

    Шымкентте күкірт зауытынан өрт шықты: 10 адамды күйік шалып, улан

    Шымкентте күкірт зауытынан өрт шықты: 10 адамды күйік шалып, улан

    Фото: ТЖМ

    Шымкентте «Ордабасы» индустриялық аймағында техникалық күкірт тұтанып, 10 адам зардап шекті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    27 шілде күні Шымкенттің Еңбекші ауданында өрт шығып, салдарынан жақын маңдағы үйлердің 300-ден астам тұрғыны эвакуацияланды. Қызыл жалын келесі күні таңертең ауыздықталды.

    «KMG Supple Company» ЖШС аумағындағы ашық алаңда өнеркәсіптік газ және кесек күкірт өртенді. Өрт 1200 шаршы метрді шарпыды. Өрт кезінде Daewoo Jentra жолаушылар көлігі де жанып кеткен”, – деп мәлімдеді қалалық төтенше жағдай департаменті.

    Өрт салдарынан 10 адам (1 күйік, 9 улану) зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінді. Нәтижесінде дәрігерлер тексергеннен кейін 2 адам ауруханаға жатқызылып, 8 адам жағдайының қалыпқа келуіне байланысты үйіне қайтарылды.

    “Өрт 28 шілде 00:36-да оқшауланды және 05:01-де жойылды. Өрт орнында Шымкент қаласы ТЖД жеке құрамы мен құралдары, апаттар медицина орталығы, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің, Түркістан облысы ТЖД, Қазселденқорғау, полиция департаментінің және жергілікті атқарушы орган күштері мен құралдары, «ҚТЖ «ҰК» АҚ , Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, медицина қызметкерлері жұмылдырылды”, – делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →