Дариға Бадықова әжесінің жеті баламен жалғыз қалып, ешкімнен көмек сұрамағанын еске алды
Дариға Бадықова әжесінің жеті баламен жалғыз қалып, ешкімнен көмек сұрамағаны туралы әңгімесін еске алды. Актриса бұл туралы Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты.
Фото: dariga_badykova
Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова ата-әжесі туралы сыр шертіп, бала кезінде алған тәрбиесі мен өміріне әсер еткен әжесінің сөзін еске алды. Бұл туралы ол Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Актрисаның сөзінше, әжесі жеті баламен жалғыз қалса да, ешкімнен көмек сұрамай, өз еңбегімен күн көрген. Оның осы ұстанымы Дариға Бадықованың санасында сақталып, өмірлік мотивациясына айналған.
«Апам айтатын: “Атаңның басына іс түскенде, жеті баламен қалдым. Жеті баламен қалып, біреуден бір шелек ұн алмағанмын”, – дейтін. Менің миымда осы қалып кеткен. Сен өз еңбегіңмен де осындай нан, дастарқаныңа ақша табуға болады екен ғой деген. Менде сол мотивация болды. Апамның бір ауыз сөзі. Ешкімнен ештеңе сұраған жоқпын. Өзім еңбектендім. Атам істі болып қалған. Бәріне ризамын. Балалық шағымды өте қуанышпен, шапалақ ұрып тұрып еске аламын», – деді актриса.
Дариға Бадықованың айтуынша, әжесінің еңбекқорлығы мен өмірге деген көзқарасы оның қалыптасуына үлкен әсер еткен. Ал желі қолданушылары актрисаның әңгімесінен кейін оның еңбекқорлығына тәнті болып, пікірлерін білдірді.
