Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті •

    Ақмола облысында түйеге соғылған көліктің жолаушысы қаза тапты

    Ақмола облысында түйеге соғылған көліктің жолаушысы қаза тапты

    Фото: azattyq-ruhy.kz

    Астана – Ерейментау – Шідерті автожолының 23 шақырымында Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі автотрассада тұрған түйені қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан такси жолаушысы, Сандықтау ауданының 49 жастағы тұрғыны оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Оқиға 24 шілдеде болған.

    Целиноград ауданының полиция бөлімі бұл фактіні Қазақстан Республикасы ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді.

    «Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Жануарлардың иесі анықталғаннан кейін ол жауапқа тартылады», — деп хабарлады ПД.

    Полицейлер елді мекендер мен автомобиль жолдарының көшелерінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер үшін ерекше қауіп төндіретін мал иелерінің бақылаусыз мал жаюы үшін жауапкершілік бар екендігі туралы ескертеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →