Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Астанада 5 баланың анасы балконнан секіріп кетті

    Астанада 5 баланың анасы балконнан секіріп кетті

    Астанада 1990 жылы туған 5 баланың анасы балконнан секіріп кеткен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

    Оның ең кіші баласы — 1 жаста. Күйеуі басқа қалада болған. Куәгерлер екеуінің арасында ұрыс-керіс болғанын айтады.

    «Бала туғаннан кейінгі депрессияны жоққа шығаратындар осы оқиғаға қатысты тағы бір рет ойланса екен. Мұндай оқиға кез келген адамның басында болуы мүмкін. Аналарымызға қамқор болайық», — дейді оқиғаның куәгері.

    Астана қаласының полиция департаменті жағдайды растады.

    «Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабының негізінде өзге де ақпарат жария болмайды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

    Қазір балконнан секірген көп балалы ананың не тірі, не өлі екені белгісіз. Azattyq Rýhy тілшісі жауапты органдардан осы мәселені анықтап жатыр.

    Фото: istockphoto.com

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →