Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты • Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ • Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты • Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ • Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді •

    «Бұзылады»: Ақтөбеде 5 жыл бұрын берілген көпқабатты тұрғын үй апатты деп танылды

    «Бұзылады»: Ақтөбеде 5 жыл бұрын берілген көпқабатты тұрғын үй апатты деп танылды

    Ақтөбеде тұрғын үйді сапасыз салды деген күдікке ілінген кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы өңір прокуратурасы хабарлады.

    Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 278-бабының 2-бөлігі және 280-бабының 1-бөлігімен (алаяқтық, сапасыз салынған құрылыс және сараптамалық жұмыстарды немесе инжинирингтiк қызметтер көрсетуді тиісінше орындамау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.

    2018 жылы Ақтөбе құрылыс басқармасы мен «Машат» ЖШС арасында Ақтөбеде жалпы сомасы 337 миллион теңгеден астам 24 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысына келісім жасалған. Тұрғын үйлердің құрылысы кейіннен қосалқы мердігер «Агро-Сервис» ЖШС-ға берілген.

    Көппәтерлі тұрғын үйлер 2019 жылдың қазанында пайдалануға берілген. Алайда құрылыс аяқталғаннан кейін үйлердің іргетасында әртүрлі жарық пайда болған.Мамандардың қорытындысына сәйкес, үйлер апатты жағдайда және пайдалануға жарамсыз деп танылып, бұзуға ұсынылған.

    Жиналған дәлелдемелердің негізінде күдіктілерге қатысты «үйқамақ», сондай-ақ «кепіл» түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды.

    Қазір облыс прокуратурасы төрт күдіктіге қатысты қылмыстық істі Ақтөбе қаласының №2 сотына жолдады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →