Басты бет » Алакөл жағасында екі бала жоғалып кетті

Алакөл жағасында екі бала жоғалып кетті

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Жетісу облысында балаларға көмекке келді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

«Бүгін Алакөл көлі жағалауында ересектердің қарауынсыз қалған 2017, 2018 жылы туған екі бала демалыс аймағының аумағынан өз бетінше шығып, адасып кетті. Іздестіру операциясы барысында балаларды демалыс орнынан 1,5 шақырым қашықтықта, көлдің жағалауында тапты», — делінген ведомство таратқан хабарламада.

Құтқарушылар оларды ата-аналарына тапсырды. Олар медициналық көмекке мұқтаж емес еді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика