Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды • Жасанды интеллект «Аталанта» — «Қайрат» матчының нақты есебін болжады • «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды • Жасанды интеллект «Аталанта» — «Қайрат» матчының нақты есебін болжады • «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар •

    Тағы бір адам кене шағып қайтыс болды

    Тағы бір адам кене шағып қайтыс болды

    Қызылорда облысында Конго-Қырым қанды безгегінен бір адам қайтыс болды, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының мәліметінше, кенеден кесел жұқтырған Шиелі ауданының егде жастағы тұрғыны екен.

    «Кене шаққан немесе кене шаққанына күмәнданған жағдайда адамдар көбіне өз бетінше үйде емделем деп уақыт жоғалтып алады. Ол кісі де сөйткен. Дер кезінде дәрігерге жүгінсе, бұлай болмауы мүмкін еді», — деді басқарма басшысы Марат Құрманбаев.

    Жыл басынан бері облыста Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 14 адам ауруханаға жатқызылды. Оның 7-інде диагноз расталды.

    «Арасында балалар да, ересек адамдар да бар. Олар емделіп, қалыпты жағдайға келді», — деді басқарма басшысы.

    Облыста індет тасымалдайтын кенелердің ошағы көбейген. Өткен жылы мұндай елді мекендер саны 106 болса, биыл 115-ке жетті.

    Фото: depositphotos.com

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →