Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті

    5,1 теңгенің дауы: Алматы облыстық Әкімшілік полиция басқармасына қарсы тексеру жүргізілді

    5,1 теңгенің дауы: Алматы облыстық Әкімшілік полиция басқармасына қарсы тексеру жүргізілді

    Фото: st-kt.ru

    Алматы облыстық Әкімшілік полиция басқармасына қарсы тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде шетелден әкелінген 677 жүк көлігінің иесінен алғашқы алым төленбегені анықталды. Мемлекетке келген шығын көлемі 5,1 млрд теңге.

    «Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Алматы облысы Әкімшілік полицияны тексеріп, көлік құралын бастапқы тіркегені үшін 5,1 млрд теңге алым төленбей 677 жүк көліктерін тіркеудің фактісін анықтады. Және 0,7 млн. теңге сомасына мемлекеттік баж төленбеген», — деп хабарлады Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

    Алматы облысы бойынша ЭҚД 3,1 млрд. теңге сомасындағы 413 салық төлеушіге қатысты қылмыстық іс қозғады.Көлік құралын тіркегені үшін алым бір рет төленеді.

    «Үшінші елдерден әкелінетін автокөлік құралдары, атап айтқанда, шығарылған жылы 7 жылдан асатын ершікті тартқыштар, шығарылған жылы 5 жылдан асатын автобустар мен жүк автомобильдері бастапқы есепке қою кезінде алым төлемеген, оның мөлшері 2 500 АЕК немесе 7,6 млн.теңгені құрайды.Қазіргі уақытта ӘПБ борышкерлерге хабарлама жіберу бойынша іс-шаралар жүргізілуде», — делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →