Басты бет » Шымкентте көңіл көтеретін орындарға «крыша» болғандар ұсталды

Шымкентте көңіл көтеретін орындарға «крыша» болғандар ұсталды

Полиция жастар тобының қылмыстық әрекеттерін тоқтатты, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Топ мүшелерін Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері Шымкент және Алматы қалаларының аумағында ұстады.

Оларға қатысты көңіл көтеру мекемелеріне ықпал ету бойынша қаруды қолдана отырып, қылмыстық әрекеттер жасағаны туралы жайттар тіркелген.

Полицияға 14 адам жеткізілді, тінту шараларының нәтижесінде атыс қарулары мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Қазіргі таңда тергеу жүргізілуде.

Фото: Polisia.kz

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика