Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Қауіп пен өзгерістерді алдын ала анықтайды: Қазақмыс «Жомарт» кенішінде цифрлық мониторинг жүйесін енгізіп жатыр ЖОО грантына өтініш қабылдау 13 шілдеде басталады: eGov арқылы онлайн тапсыру Қазақстандық әйел Түркияның Анталья қаласында жол апатынан қаза тапты Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапаровты қабылдап, сала қорытындысын тыңдады Жол емес, батпақ: Арқалық әкімдігі Ашутасты халқын қашанға дейін елеусіз қалдырмақ? Елордада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады Қауіп пен өзгерістерді алдын ала анықтайды: Қазақмыс «Жомарт» кенішінде цифрлық мониторинг жүйесін енгізіп жатыр ЖОО грантына өтініш қабылдау 13 шілдеде басталады: eGov арқылы онлайн тапсыру Қазақстандық әйел Түркияның Анталья қаласында жол апатынан қаза тапты Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапаровты қабылдап, сала қорытындысын тыңдады Жол емес, батпақ: Арқалық әкімдігі Ашутасты халқын қашанға дейін елеусіз қалдырмақ? Елордада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады

Жамбыл облысында комаға түскен сарбаз: Қорғаныс министрлігі зорлық-зомбылық фактісін растады

Жамбыл облысында комаға түскен сарбаз: Қорғаныс министрлігі зорлық-зомбылық фактісін растады

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысында комаға түскен 19 жастағы сарбазға жасалған зорлық-зомбылық фактісін растады. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат агенттігі Stan.kz — ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Ведомствоның ресми өкілі Руслан Жанғұлин жігіттің ауруханада жатқанын айтты. Оның жағдайы тұрақты және ауыр деп бағаланып отыр.

«Қазір әскери қызметкер Алматы қаласындағы әскери-клиникалық госпитальда жатыр. Оған барлық қажет медициналық көмек көрсетілген. Әскери дәрігерлер мен басқа да мамандар оны тексеріп, барлық қажет шараны жүргізіп жатыр. Бүгінде оның жағдайы тұрақты және ауыр деп бағаланып отыр. Бірақ жақсару бар», – деді ол.

Руслан Жанғұлин бұл факті бойынша сержантқа қатысты тергеу басталғанын айтты.  Жангулиннің айтуынша, ол «қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған».

Айта кетейік, жарақат алған сарбаздың ата-анасы жас жігіт сержанттың аяусыз соққысынан кейін комаға түскенін мәлімдеді.

«Бүгінде әскери-тергеу органдары қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған әскери қызметкерге қатысты жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», – деді Қорғаныс министрлігінің өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысы Отар ауылындағы №30212 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қазір ауыр жағдаймен жансақтау бөлімінде жатқанын жаздық. Анасы Жанна Жаналина ұлын соққыға жығылған деп санайды. Дәрігерлер сарбаздың жағдайы ауыр екенін айтты. Нұржігіт әуелде басы айналып, жүрегі айнығанына шағым білдірген.

Фото: RFE/RL

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика