Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 19 тамыз 2026 $ 462,1 535,0 5,43
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Зайсан жағасында қоқысты шұңқырға көміп жатыр: тұрғын әкімдіктен тексеруді талап етті «Полицияны көріп, қаша жөнелген»: Талапкерде мас жасөспірімдер қыздарды тоғайға алып кетпек болған Қытайлық гуманоид робот Усэйн Болттан да жылдам жүгірді «Үйіміз құлағалы тұр»: Атырауда ипотекаға баспана алған тұрғындар дабыл қақты Астанада 21 жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысы ашылды Гүлзира Айдарбекова немересіне арналған әнді таныстырды Зайсан жағасында қоқысты шұңқырға көміп жатыр: тұрғын әкімдіктен тексеруді талап етті «Полицияны көріп, қаша жөнелген»: Талапкерде мас жасөспірімдер қыздарды тоғайға алып кетпек болған Қытайлық гуманоид робот Усэйн Болттан да жылдам жүгірді «Үйіміз құлағалы тұр»: Атырауда ипотекаға баспана алған тұрғындар дабыл қақты Астанада 21 жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысы ашылды Гүлзира Айдарбекова немересіне арналған әнді таныстырды

    Рамазан Оразов даниялық клуб сапындағы алғашқы голын соқты

    Рамазан Оразов даниялық клуб сапындағы алғашқы голын соқты

    Даниялық «Силькеборг» футбол клубы Нидерландыдағы оқу-жаттығу жиыны барысында «ПЕК Зволле» командасына қарсы ойын өткізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Матч «Силькеборгтың» 3:1 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды. Ойынның 27-минутында Александр Линд гол соғып, даниялықтарды есепте алға шығарды. Ал 31-минутта «Силькеборгтың» негізгі құрамында шыққан қазақстандық жартылай қорғаушы Рамазан Оразов пенальтиді мүлтіксіз орындап, есеп айырмасын еселей түсті. Матчтың 32-минутында Тони Адамсен есепті 3:0-ге жеткізді. Ал қарсылас команданың ойыншысы Энтони Фонтана матчтың 46-минутында гол соғып, есепті қысқартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Рамазан Оразов биыл маусым айының соңында «Ақтөбемен» қош айтысып, даниялық «Силькеборгтың» сапына қосылған болатын.

    Фото: ҚФФ

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →