Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті

    «Сүлейменнің бәріне Хюррем нәсіп бола бермейді»: Мұхамеджан Тазабек көп әйел алу туралы ойын айтты

    «Сүлейменнің бәріне Хюррем нәсіп бола бермейді»: Мұхамеджан Тазабек көп әйел алу туралы ойын айтты

    Қоғам белсендісі, ақын Мұхамеджан Тазабек жеке парақшасында сұрақ-жауап ұйымдастырып, оқырмандарымен сырласты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    ҚР еңбек сіңірген қайраткерінің айтуынша, отбасын құру – үлкен жауапкершілік көрінеді. Оқырман тарапынан келген сұрақтың дені – көп әйел алуға қатысты екен.

    «Көп әйелділік – Алла рұқсат берген, бірақ жауапкершілігі өте зор шешім. Ең керегі – әділдік. Содан соң сабыр, қаражат, даналық, білім, денсаулық. Адам сапасы кеткен қоғамда отбасының да сапасы оңай болмай тұр. Өтірік күліп, іштей жылап жүрген әйел де, еркек те жетеді. Әйел табамын-ау, бірақ өзімнен әділдік табамын ба? Күйеу табасың-ау, біреу тағдырыңа сүйеу табасың ба?Тағдыр деген, нәсіп деген нәрсе бар… Елдің бәрі сұлтан Сүлеймен емес, Сүлейменнің бәріне Хюррем сұлтан нәсіп бола бермейді. «Қанша су ми болса да, сусар бөрік тазда бар» деп Есенқұл ақын айтқандай кейде жапалақ жарғанатқа үйленіп, кейде жылан алтынды құшақтап жатады. Өмір ғой. Әр отбасы – жеке сынақ, дара жауапкершілік! Мен де бұл жағынан сынақ – біреу! Не болса да басқа жар ала алмадым. Алла бойдақтарды отбасылы етіп, барлық отбасыларға ынтымақ, береке, ізгілік нәсіп етсін! Кімге қандай тағдыр нәсіп етсе де, ең бастысы еркектер езілмесін, әйелдер қорланбасыншы», – деп жазды ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →