Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 451,4↑€ 507,3↑₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қызылордада қалалық орталық емханадан өрт шықты

    Қызылордада қалалық орталық емханадан өрт шықты

    Қызылорда қаласында қалалық орталық емханадан өрт шықты, деп хабарлады ТЖМ. 

    Төтенше жағдайлар қызметіне сағат 2.20-да З.Шүкіров көшесі бойында орналасқан қалалық орталық емхананың 2-ші қабатынан өрт шығуда деген шақырту түсті.

    «Өртке қарсы қызметінен оны сөндіруге 26 қызметкер жұмылдырылды. Барлау жұмысы нәтижесінде орталық емхананың 2-ші қабатындағы бөлме ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт 2.43-те толық сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер жоқ», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →