Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Ауылдасын пышақтап, Корея республикасына қашқан түркістандық елге жеткізілді

    Ауылдасын пышақтап, Корея республикасына қашқан түркістандық елге жеткізілді

    Бас прокуратура кісі өлтіруге оқталған күдіктіні Корея Республикасынан экстрадициялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бүгін Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігінің көмегімен кісі өлтіруге оқталған күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін экстрадициялады.

    Аталған тұлға 2022 жылдың наурыз айында Түркістан облысының Сауран ауданында ауылдасымен жанжалдасып, артынан төбелеске ұласқан. Төбелес барысында күдікті қарсыласының кеуде тұсынан бірнеше рет пышақ сұққан. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында жәбірленуші аман қалды. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті Корея Республикасының аумағында жасырынып жүрген және ағымдағы жылдың маусым айында сонда ұсталған. Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Айта кету керек, күдіктіні экстрадициялау Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірлеген Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы 2003 жылғы 13 қарашадағы ұстап беру туралы шарттыңболуының арқасында мүмкін, — делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →