Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Иран Хаменеиді жерлегеннен кейін АҚШ базаларына жаңа соққылар жариялады 5 млрд теңге: Ақтөбе облысында мұғалімдерге демалыс ақысы уақытында төленбеген Жамбыл облысында 4,5 балдық жер сілкінісі болды «Қуыршақпен ойнаймын»: Жұлдыз Әбдікәрімова қызының шетелден әкелген сыйлығын көрсетті (ВИДЕО) 43 мыңнан астам отбасы ескі үйлерде тұрады: Алматыда реновация бағдарламасы баяу жүріп жатыр Қазақстан Президенті бірқатар елшілерді тағайындады Иран Хаменеиді жерлегеннен кейін АҚШ базаларына жаңа соққылар жариялады 5 млрд теңге: Ақтөбе облысында мұғалімдерге демалыс ақысы уақытында төленбеген Жамбыл облысында 4,5 балдық жер сілкінісі болды «Қуыршақпен ойнаймын»: Жұлдыз Әбдікәрімова қызының шетелден әкелген сыйлығын көрсетті (ВИДЕО) 43 мыңнан астам отбасы ескі үйлерде тұрады: Алматыда реновация бағдарламасы баяу жүріп жатыр Қазақстан Президенті бірқатар елшілерді тағайындады

Түркістан облысында жекеменшік балабақшаның балалары жаппай уланып қалды

Түркістан облысында жекеменшік балабақшаның балалары жаппай уланып қалды

Қазір тамақтан уланған балалардың саны 34-ке жетті. Аталған жағдайға байланысты Келес аудандық полиция бөлімі тарапынан қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Оқиға Келес ауданында болды. 24 маусым күні таңғы астан кейін, яғни сағат 11:00 шамасында балалар өздерін жайсыз сезіне бастаған. Содан бөбекжай-балабақша қызметкерлері дәрігер мен мейірбикені шақырып, алғашқы дәрігерлік көмектер көрсеткен. Қазір ауруханаға түскен балалардың жағдайын дәрігерлер жіті бақылап отыр.

«Келес ауданындағы жекеменшік балабақшада балалардың улану жағдайы Түркістан облысы білім басқармасының назарына алынды. Келес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілді. Таңғы аста балаларға берілген ботқаның құрамы, сүттің құрамы сараптамаға жіберілген. Ауруханаға жөнелтілген балалардың жағдайы дәрігерлердің жіті бақылауында. Жағдайға байланысты Келес аудандық полиция бөлімі тарапынан қылмыстық іс қозғалды», — делінген Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Фото: freepik

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика