Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Ақын Серікзат Дүйсенғазы жаңа қызметке тағайындалды

    Ақын Серікзат Дүйсенғазы жаңа қызметке тағайындалды

    Фото: massaget.kz

    Ақын Серікзат Дүйсенғазы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің деканы қызметіне тағайындалды. Тәжірибелі маман 22 жылдан бері ENU қабырғасында еңбек етіп келеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Серікзат Дүйсенғазы ENU еңбек жолын 2002 жылы қазақ және шетел әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып бастады. Ол кейін доцент, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі лауазымдарында қызмет етті.

    Серікзат Дүйсенғазы филология факультетінің деканы қызметіне тағайындалғанға дейін ENU «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының меңгерушісі болды.

    Филология ғылымдарының кандидаты 100-ге жуық ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектердің, сондай-ақ Web of Science және Scopus деректер қорындағы мақалалардың авторы.

    Серікзат Дүйсенғазы 2005 жылдан бері ENU «Топжарған» жас ақындар клубының жетекшісі ретінде студенттерге тәлім беруде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →