Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жасанды интеллект: адамзат мүмкіндіктерін кеңейту мен қауіптер арасындағы тепе-теңдік • Қытай кредиттері: Пакистан 22,38 млрд доллар қарызбен көш бастады • Астанадағы әлем чемпионаты: Қазақстан екі қола медаль алды • «Ордабасы» футболдан Қазақстан чемпионын мерзімінен бұрын анықтады • Шұғыла Ешен Golden Globes Beacon Award сыйлығын алған алғашқы қазақстандық актриса атанды • Будвадағы әлем чемпионаты: төрт қазақстандық боксшы алтынға таласады • Жасанды интеллект: адамзат мүмкіндіктерін кеңейту мен қауіптер арасындағы тепе-теңдік • Қытай кредиттері: Пакистан 22,38 млрд доллар қарызбен көш бастады • Астанадағы әлем чемпионаты: Қазақстан екі қола медаль алды • «Ордабасы» футболдан Қазақстан чемпионын мерзімінен бұрын анықтады • Шұғыла Ешен Golden Globes Beacon Award сыйлығын алған алғашқы қазақстандық актриса атанды • Будвадағы әлем чемпионаты: төрт қазақстандық боксшы алтынға таласады •

    Ақтөбеде жүргізуші кәмелетке толмаған баланы басып кетті

    Ақтөбеде жүргізуші кәмелетке толмаған баланы басып кетті
    Фото: Pixabay
    Ақтөбеде Toyota автокөлігінің жүргізушісі көпқабатты үйдің ауласынан шығу кезінде тұрғын аумақта велосипедпен жүрген балаға жол бермей, оны қағып кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    ЖКО салдарынан бірінші сынып оқушысы медициналық мекемеге жеткізілді.

    «Көлік жүргізушілері ауладан шығу кезінде қасынан велосипедшінің өтетініне дайын болуы керек. Велосипедші жаяу жүргіншіге қарағанда жылдамырақ, өйткені ол шамамен 20-30 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Әсіресе іргелес тұрған үйлердің арасы немесе арка арқылы шығу кезінде жүргізушіге барынша мұқият болу қажет. Себебі мұндай жағдайларда велосипедшіні алдын ала байқау мүмкіндігі өте аз, дәлірек айтқанда, тіпті нөлге тең», – деп атап өтті Ақтөбе облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдос Құлжанов.

    Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта облыс аумағында балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Назар аударыңыз, балалар» акциясы өтіп жатыр.

    Шара аясында полиция қызметкерлері оқушылармен профилактикалық кездесулер өткізіп, жолдардағы қауіпсіз мінез-құлық туралы әңгімелейді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →