Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Төреғали Төреәлі көп әйел алу туралы әзілдеп пікір білдірді • Уимблдон чемпионы Рыбакинаның турнирден бас тартуы туралы пікір білдірді • Роза Рымбаева Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында жұбайларға арнап тілек айтты • Александр Жаровский: Канада визасы бар, МЧМ-2027-ге баруға дайынмын • Александра Ле Дохадағы әлем чемпионатының финалында жетінші орын алды • Мейрамбек Беспаев 50 жасқа толуын отбасылық мерекемен атап өтті • Төреғали Төреәлі көп әйел алу туралы әзілдеп пікір білдірді • Уимблдон чемпионы Рыбакинаның турнирден бас тартуы туралы пікір білдірді • Роза Рымбаева Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында жұбайларға арнап тілек айтты • Александр Жаровский: Канада визасы бар, МЧМ-2027-ге баруға дайынмын • Александра Ле Дохадағы әлем чемпионатының финалында жетінші орын алды • Мейрамбек Беспаев 50 жасқа толуын отбасылық мерекемен атап өтті •

    Солтүстік Қазақстанда 43 жетім баланы пәтер кезегінен негізсіз алып тастаған

    Солтүстік Қазақстанда 43 жетім баланы пәтер кезегінен негізсіз алып тастаған

    Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар құқықтарының өрескел бұзылғандығын анықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    СҚО прокуратурасының мәліметінше, қадағалаушы орган жергілікті атқарушы органдарды тексерді.

    Ғ.Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің лауазымды тұлғалары «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының талаптарын бұза отырып, тұрғын үйге 2010 жылдан бері кезекте тұрған 43 жетім баланы тұрғын үй кезегінен негізсіз алып тастаған.

    Ал, Ақжар ауданы мен Петропавл қаласының қорғаншылық және қамқоршылық органдары Заңның 71-бабының талаптарына қайшы 3 ай бойы 6 жетім баланы тұрғын үй кезегіне қоймаған.

    Айыртау, Ақжар, Аққайың, Ғ.Мүсірепов, Қызылжар, М.Жұмабаев, Мамлют, Тайынша аудандары мен Петропавл қаласындағы балалардың қамқоршылары «Неке және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 126-бабын бұза отырып, қамқорлығындағылардың тәрбиесі мен күтіп-бағу туралы жүйелі негізде есеп бермеген.

    Қызылжар, Ғ.Мүсірепов, Тимирязев аудандарының қорғаншылық және қамқоршылық органдары кәмелетке толмағандардың пайдасына заңды өкілдерден алименттерді мәжбүрлеп өндіріп алуды бақылау шараларын жүргізбеген.

    Прокуратураның актілері бойынша 8 лауазымды тұлға, оның ішінде аудандық білім бөлімінің 2 басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, заң бұзушылықтар жойылды.

    Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік туды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →