Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан еркін күресшілері Еревандағы халықаралық турнирде 6 медаль жеңіп алды Қазақстан СІМ Малайзиядағы «визаран» тәуекелдері туралы ескертті Президент: Талас құрылтайы Алтын Орданың құрылуына себепкер болды Президент Халық Кеңесі жасақталатын мерзімді атады Айбек Дәдебай Құрылтай Төрағасы лауазымына ұсынылды Мемлекет басшысы: Тарихты жалған намыс пен даңғаза мақтан үшін бұрмалау жақсылық әкелмейді Қазақстан еркін күресшілері Еревандағы халықаралық турнирде 6 медаль жеңіп алды Қазақстан СІМ Малайзиядағы «визаран» тәуекелдері туралы ескертті Президент: Талас құрылтайы Алтын Орданың құрылуына себепкер болды Президент Халық Кеңесі жасақталатын мерзімді атады Айбек Дәдебай Құрылтай Төрағасы лауазымына ұсынылды Мемлекет басшысы: Тарихты жалған намыс пен даңғаза мақтан үшін бұрмалау жақсылық әкелмейді

    Назарбаев мектептеріне тексеріс жүргізіледі

    Назарбаев мектептеріне тексеріс жүргізіледі

    Фото: el.kz

    Жоғары аудиторлық палата «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» бюджетін тексеретін болды. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат агенттігі Жоғарғы аудиторлық палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Палатаның мәліметінше аудиторлар Назарбаев мектептерінің 2019-2023 жылдары аралығындағы бюджетінің тиімділігін, республика бойынша орта білім беру жүйесін дамытуға тигізген әсерін тексермек.

    Жоғары аудиторлық палата «Назарбаев Зияткерлік мектептері», Қазақстандағы төрт облыстың бюджеті, сондай-ақ ӘМСҚ, салық және кеден жүйелерінің тиімділігін тексерді. Жоғары аудиторлық палата 2019-2023 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізуді аяқтауда. Атап айтқанда, аудит барысында НЗМ-нің республиканың орта білім беру жүйесін дамытуға әсері талданды, — деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

    Аудиторлық тексерудің қорытындысы мен Жоғары аудиторлық палатаның тиісті нұсқамалары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына ұсынылмақ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →