Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 26 шілде 2026 $ 475,4 540,8 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Шымкентте көше ортасында көлік өртеніп кетті

    Шымкентте көше ортасында көлік өртеніп кетті

    Фото: OTYRAR.KZ

    Алдын ала ақпарат бойынша, рөлде әйел адам болған. Абырой болғанда, ол көліктен шығып үлгерді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі OTYRAR-ға сілтеме жасап.

    Куәгерлер бірден өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалған.

    «Өртті сөндіруге 12 адам және екі техника бірлігі жұмылдырылды», — делінген Шымкент ТЖД хабарламасында.

    Алайда өрт сөндірушілердің барлық күш-жігеріне қарамастан, көлік өртеніп кетті.

    Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Материалдық залал сомасы белгіленеді.

    Қазір тергеушілер өрттің себептерін анықтауда, көлік қысқа тұйықталу салдарынан өртенген болуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →