Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Манчестер Юнайтед» 0:2 есебінен кейін «Романы» 3:2 есебімен жеңді • Қазақстан 38 тауар позициясы бойынша импортты экспорттан 1,8 есе асырды • Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • «Манчестер Юнайтед» 0:2 есебінен кейін «Романы» 3:2 есебімен жеңді • Қазақстан 38 тауар позициясы бойынша импортты экспорттан 1,8 есе асырды • Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді •

    Астанада 8-сынып оқушысы мектеп терезесінен секіріп кетті – ІІМ пікір білдірді

    Астанада 8-сынып оқушысы мектеп терезесінен секіріп кетті – ІІМ пікір білдірді
    Фото: Устинка LIVE
    Қазақстан Ішкі істер министрлігі 2024 жылғы 17 сәуірде елордалық мектептердің бірінде сегізінші сынып оқушысы терезеден секіргені туралы оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды  Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев болған оқиғаны растады.

    «Аталмыш оқиға кеше орын алды. Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне тіркедік. Қазір тергеуді бастадық және оның нәтижесі бойынша ғана қорытынды жасай аламыз. Дәл қазір оқиғаның себептері туралы нақты айта алмаймын, бұл үшін қажетті зерттеулер мен сараптамалар қажет», – деді Марат Қожаев.

    Айта кетейік, 17 сәуірде № 72 мектеп-лицейдің сегізінші сынып оқушысы білім ордасының төртінші қабатындағы терезеден секіріп кетті. Зардап шеккен жасөспірімнің миы шайқалған, кеуде және қарын тұстында жарақаттары бар, оң иық асты сүйегі мен оң аяғы сынған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →