Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мас еркек көшеде бойжеткенге тиісіп, интимдік қатынас ұсынған «Бизнес уақыт жоғалтпауы тиіс»: Бектенов монополистерге екі ай уақыт берді Жәрдемақыдан анықтамаға дейін: Қазақстан мемлекеттік қызметтерді автоматтандырмақ АҚШ 175 мыңнан астам шетел азаматының визасын жойды Семей әкімдігі антисанитария тексермей ме? Астанада автобус ішінде кәмпитке қақалып қалған бүлдіршінді полицей құтқарып қалды (ВИДЕО) Мас еркек көшеде бойжеткенге тиісіп, интимдік қатынас ұсынған «Бизнес уақыт жоғалтпауы тиіс»: Бектенов монополистерге екі ай уақыт берді Жәрдемақыдан анықтамаға дейін: Қазақстан мемлекеттік қызметтерді автоматтандырмақ АҚШ 175 мыңнан астам шетел азаматының визасын жойды Семей әкімдігі антисанитария тексермей ме? Астанада автобус ішінде кәмпитке қақалып қалған бүлдіршінді полицей құтқарып қалды (ВИДЕО)

    Қазақстан келіп жатқан әрбір екінші көлік – қытайлық

    Қазақстан келіп жатқан әрбір екінші көлік – қытайлық

    Қазақстанға қытайлық жеңіл көліктердің импорты өсуде. 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қытайдан 10,1 мың автокөлік әкелінді. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен екі есе дерлік көп, яғни 4,8 мың бірлікке өсті. Мұндай мәліметтерді Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және рефрмалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы келтіріп отыр, деп хабарлайды Data Hub.

    Екі ай ішінде импортталған жеңіл автокөліктердің жалпы саны 20 мың бірлікті құрады.

    Осылайша, елге шетелден жеткізілетін әрбір екінші көлік Қытайда шығарылады.

    Үш ірі жеткізуші күш біріктіргеннен кейін де Қытаймен бәсекеге түсе алмады. Олардың үлесі 42% құрады:

    * АҚШ – 19% (3,7 мың бірлік);
    * Жапония – 15% (3 мың бірлік);
    * Корея – 8% (1,6 мың бірлік).

    Бір айта кетерлігі, ақшалай есептегенде Қытайдан автокөлік импортының ұлғаюы сандық көрсеткіштегідей үлкен емес. Қаңтар-ақпан айларында 129,5 млн доллар жұмсалды, бұл 43%-ға, яғни 39 млн. долларға артық. Мұндай динамика онсыз да қымбат емес қытайлық көліктердің қолжетімділігінің артқанын көрсетуі мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →