Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарасай ауданындағы электр дауы: Әкімдік жекеменшік трансформаторларды неге тексермейді? Алматыда Канье Уэстің концертіне байланысты қоғамдық көліктің 32 бағыты уақытша өзгереді Атырауда әкімдік мектепке көмектен бас тартты: Көпбалалы аналар көшеге шығуға мәжбүр болды Сотқа дейінгі тергеу басталды: Ақтауда Toyota Prado көлігінен 256 келі бекіре балығы табылды Атырауда белгісіз компания көпқабатты үйді трактормен құлатпақ болған «Омырауын салбыратып..»: Мәдина Сәдуақасованың образы көптің ашуына тиді (ВИДЕО) Қарасай ауданындағы электр дауы: Әкімдік жекеменшік трансформаторларды неге тексермейді? Алматыда Канье Уэстің концертіне байланысты қоғамдық көліктің 32 бағыты уақытша өзгереді Атырауда әкімдік мектепке көмектен бас тартты: Көпбалалы аналар көшеге шығуға мәжбүр болды Сотқа дейінгі тергеу басталды: Ақтауда Toyota Prado көлігінен 256 келі бекіре балығы табылды Атырауда белгісіз компания көпқабатты үйді трактормен құлатпақ болған «Омырауын салбыратып..»: Мәдина Сәдуақасованың образы көптің ашуына тиді (ВИДЕО)

    «Өртеп жібергісі келген»: Ақтауда тағы бір әйел күйеуінің қолынан қаза тапты

    «Өртеп жібергісі келген»: Ақтауда тағы бір әйел күйеуінің қолынан қаза тапты

    Фото: Pixabay

    Ақтауда 52 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен азаматтық некедегі күйеуі ұсталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Оқиға 16 сәуірге қараған түні болған. Өрт бойынша шақырту алған ТЖД қызметкерлері қызыл жалын тұтанған үйден әйел адамның денесін тапқан. Көршілердің айтуынша, күдікті әйелді өлтіріп, артынан пәтерге қасақана өрт қойған. Уақытында жеткен өрт сөндірушілер қызыл отты сөндірді.

    Полиция департаменті осы жайтқа қатысты түсініктеме берді. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →