Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан 38 тауар позициясы бойынша импортты экспорттан 1,8 есе асырды • Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Қазақстан 38 тауар позициясы бойынша импортты экспорттан 1,8 есе асырды • Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда •

    Таразда жүкті әйел cуицид жасады

    Таразда жүкті әйел cуицид жасады

    Фото: pixabay

    Жамбыл облысында 33 жастағы жүкті келіншек перзентханада қайтыс болды. Сарысу ауданының тұрғыны өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар аталған фактіні растады. Оқиға 10 сәуір күні Тараз қаласындағы облыстық перинаталдық орталығында болған.

    Келіншек жалған толғақ диагнозымен перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауында болған. Аяғы ауыр әйелде  психологиялық ауытқулар байқалмаған.

    «Аталған фактіге байланысты құқық қорғау органдары өзін-өзі өлтіруге итермелеу бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр. Ақпарат тергеу аяқталғаннан кейін жарияланады», – делінген басқарма мәліметінде.

    Полиция департаментіндегілер аталған факті бойынша кешенді сараптама тағайындалғанын, жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

    Марқұм келіншек жүктіліктің 16-шы аптасында болған. Оның артында жолдасы және 3 баласы қалды. Балаларының үлкені 6-да, екеуі балабақша жасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →