Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 26 шілде 2026 $ 475,4 540,8 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кенжебек Жанәбілов жаңа жоба түсірімін көрсетті Барселона круиз туристеріне салықты 24 еуроға дейін арттырмақ Айым Сейітметова ер адамдардың жауапкершілігі туралы пікір білдірді АҚШ арнайы қызметтері Иранның байытылған уранын алу операциясын дайындап жатыр Грузияда екі рет электр сөнуі: диверсия бабы бойынша тергеу басталды Маңғыстауда жасөспірімге зорлық жасады деп айыпталған бір адам іздестірілуде Кенжебек Жанәбілов жаңа жоба түсірімін көрсетті Барселона круиз туристеріне салықты 24 еуроға дейін арттырмақ Айым Сейітметова ер адамдардың жауапкершілігі туралы пікір білдірді АҚШ арнайы қызметтері Иранның байытылған уранын алу операциясын дайындап жатыр Грузияда екі рет электр сөнуі: диверсия бабы бойынша тергеу басталды Маңғыстауда жасөспірімге зорлық жасады деп айыпталған бір адам іздестірілуде

    Қазақстанда жұмыс істейтін қытайлардың саны көбейді

    Қазақстанда жұмыс істейтін қытайлардың саны көбейді

    Finprom.kz ресурсының мәліметі бойынша, еліміздің астанасы мен Шығыс Қазақстан, Абай облыстарынан жұмыс іздеп шетелге кетушілер артқан.

    1 наурыздағы жағдай бойынша шетелдіктердің күшін пайдаланатын жұмыс берушілердің саны 1,6 мыңға жеткен. Аталған кәсіпорындарда 459 мың Қазақстан азаматы (99,5%), 13,1 мың шетелдік еңбек етіп жатыр.

    Шетелдік жұмысшылардың ішінде басшы және басшының орынбасары болып еңбек етіп жүргендердің саны бір жылда 0,4% артып, 567 адамға жеткен. Ал құрылымдық бөлімшелердегі жетекшілердің саны 10,4% азайып, 2,7 адамға түскен.

    Елде 5,8 мың шетелдік маман жұмыс істеп жүр. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 19,8% аз. Қазақстанда жұмыс істеп жүргендердің көбі Қытай азаматтары – 4,1 адам. Бұл былтырғыдан 20,8% пайыз артық. Одан кейін Үндістан (1,2 мың адам), Түркия (1,1 мың адам) және Өзбекстан (908 адам) азаматтары бар.

    Материалда шетелдік жұмыс күші көбінесе құрылыс саласында жиі пайдаланылатынын айтылған.

    «Елден 548 адам жұмыс іздеп кеткен. Бұл былтырғыдан 25,6% аз. Жұмыс іздеп сыртқа кетушілер көбінесе Астанадан (256 адам), Шығыс Қазақстан (58 адам) және Абай облыстарынан (42 адам) шығады», — делінген сараптамада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →