Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атбасарда әйел көршісін пышақтап өлтіріп, пәтерді бекітіп кеткен Квота мен қазына арасында: қыркүйектегі өндіріс түзетуі бюджетке не әкеледі? Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтарына 11,1 трлн теңге инвестиция тартылды «Спасибо деду за генетику»: Шавкаттың әйелі қайын атасының қазасынан кейін жазба жариялады Тараз әкімдігі тұрғындарды қоқыс полигонында өмір сүруге мәжбүрлеп отыр ма? Атырауда емханаға сүндеттеуге әкелген бала ашық люкке құлап кетті Атбасарда әйел көршісін пышақтап өлтіріп, пәтерді бекітіп кеткен Квота мен қазына арасында: қыркүйектегі өндіріс түзетуі бюджетке не әкеледі? Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтарына 11,1 трлн теңге инвестиция тартылды «Спасибо деду за генетику»: Шавкаттың әйелі қайын атасының қазасынан кейін жазба жариялады Тараз әкімдігі тұрғындарды қоқыс полигонында өмір сүруге мәжбүрлеп отыр ма? Атырауда емханаға сүндеттеуге әкелген бала ашық люкке құлап кетті

    БҚО тұрғыны монтаж көбігімен үйін тасқын судан сақтап қалған

    БҚО тұрғыны монтаж көбігімен үйін тасқын судан сақтап қалған

    Фото: pol-master.com

    Батыс Қазақстан тұрғыны Мағжан Аққожин монтаж көбігімен есіктерді бекітіп, үйін су тасқынынан қалай аман алып қалғанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Ол «1001 түн» бағдарламасына берген сұқбатында бұл ойдың қалай келгенін баяндап берді.

    «Былтыр ғана салған үйім еді. Түнімен ауыл әкімі, ауыл жастарымен сумен арпалысып, бөгет салдық, бірақ таңға таяу су ауылға кіріп кетті. Отбасымды эвакуация жасадық. Не де болса жылдам әрекет ету керек болды. Үйдің іргетасы судан қорғалғандықтан, есіктерден қауіптеніп, монтаж көбігімен бекітуді жөн санадым» — дейді ол.

    Мағжан қауіптің беті сейілгенде үйіне келіп қараса, ішке бір тамшы су кірмеген.

    «Сол кезде отбасыма үйдің жайын көрсету үшін видео түсіргем. Сол бейнежазбам әлеуметтік желіде тарап кетіпті», — дейді ол.

    iFrame

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →