Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Атырауда бөгетті нығайту кезінде топырақтан адам сүйектері табылды

    Атырауда бөгетті нығайту кезінде топырақтан адам сүйектері табылды
    Фото: ardakerubaeva инстаграм парақшасынан
    Атырау облысы Махамбет ауданына қарасты Сарайшық ескі қалашығында Жайық жағасынан бөгет салуға жер қазу кезінде бас сүйегінің 12 сынығы мен адам денесінің 26 сынығы табылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Атырау облысы ТЖД жедел әрекет ету орталығының хабарлауынша, оқиға орнына келген құзырлы орган қызметкерлері бұл фактіні АЕК-ке тіркеп, тергеуге дейінгі іс-шараларды бастады. Алдағы уақытта табылған сүйектер дәстүрге сай қайта жерленетін болады.

    «Ескі Сарайшықта археологиялық қазба жұмыстары кезінде адам сүйектерінің табылуы жаңалық емес.Ортағасырлық Сарайшықта үлкен қорым бар екені белгілі.Археологиялық зерттеулер кезінде, түрлі жұмыстар барысында, тіпті ескі Сарайшық ауылында да адам сүйектері табылған. сүйектер жиі кездеседі.Қазір су тасқынына қарсы ауқымды жұмыстар жүргізілуде, Жайық жағасына мыңдаған адам бөгет салып жатыр, бұл жұмыс барысында адам сүйектерінің табылуы ғажап емес. Әдетте, мұндай ақпаратты алған мамандар тиісті жұмыстарды жүргізіп, қалдықтарды зерттеп, дәстүр бойынша жерлейді», — дейді Сарайшық қорық-мұражайының директоры Мұхтар Әбілсейіт.

    Атырау облысында табиғи төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі уақытта Жайық бойында орналасқан Индер, Махамбет аудандары мен Атырау қаласында бөгет салу және жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →