Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Семейде бір үйдің 2 баласы жоғалып кетті

    Семейде бір үйдің 2 баласы жоғалып кетті

    [ad_1]

    Абай облысында 7 сәуірде бір үйдің 2 баласы жоғалып кетті, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

    Берілген нұсқаулыққа сәйкес, жоғалғандар — 2005 жылы туылған Алтынай Әбішева және 2008 жылғы Абзал Әбішев.

    Өңірлік ведомсвто мәліметінше, олар 7 сәуірде сағат 15:00 шамасында Семей қаласындағы Восточный левый елдімекеніндегі үйінен шығып, сол күйі хабарсыз кеткен.

    Алтынайдың белгілері: бойы — 160-165 см, дене бітімі — арық, шашы — қара. Үстінде етегі тізеге дейін жететін жасыл болон курткасы, қара түсті футболкасы, қара түсті кроссовкасы бар.

    Абзалдың белгілері: бойы — 175-180 см, дене бітімі — арық, шашы —  ашық түсті, оң көзінің астында тыртығы бар. Үстінде — қара түсті жеңсіз күртеше, көк түсті футболка, қара түсті джинсы, қара түсті кроссовка.

    «Егер суреттегі жасөспірімдердің орналасқан жерін білген болсаңыздар, 102 телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз», — делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →